Бас бапкер ауыр салмақтағы боксшылардың жеңілу себебін түсіндірді

14 Қараша 2021, 15:34
1891
Бөлісу:
Бас бапкер ауыр салмақтағы боксшылардың жеңілу себебін түсіндірді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бокстан ел құрамасының бас бапкері Қайрат Сәтжанов әлем чемпионатында орта және ауыр салмақтағы боксшылардың жүлдеге ілікпеу себебін тәжірибенің аздығымен түсіндірді. 

Бұл туралы Olympic.kz хабарлады. 

Өкінішке қарай, орта және ауыр салмақтағы боксшыларымыз жеңіліп қалды. Бірақ олар қарсыластарына ірі есеппен жол берген жоқ. Бәрі де соңына дейін күшін салды. Негізі, көпшілігі үшін бұл өздері қатысып отырған алғашқы әлем чемпионаты, – деді Сәтжанов. 

Оның сөзінше, алдағы уақытта әлем чемпионатынан тәжірибе жинау арқылы келесі әлемдік сында ауыр салмақтағы боксшылар жүлде алуға тырысады. 

Ал 71 келіде сынға түскен Асланбек Шымбергенов психологиялық тұрғыдан қателік жіберді. Оны жеңген украиналық боксшы түбінде әлем чемпионы атанғанын көрдіңіздер. Бек Нұрмағамбет болса, кәсіби бокста әуесқой спортқа тез бейімделе алмады. Соның салдарынан ұтылды, – деді Қайрат Сәтжанов.
Өзгелердің жаңалығы