«Барлығына – денсаулық»: Министр Денсаулық сақтау күнімен құттықтады

7 Сәуір 2023, 10:12
1083
Бөлісу:
«Барлығына – денсаулық»: Министр Денсаулық сақтау күнімен құттықтады
Фото: Денсаулық сақтау министрлігі

Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният қазақстандықтарды Денсаулық сақтау күнімен құттықтады, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Бүгін, 7 сәуір – бүкіл әлемде Денсаулық күнін атап өтіп жатыр. 1950 жылдан бастап осы күн аталып өтіледі. Жыл сайын осы күннің өзінің атауы – ұраны болады. Бүгінгі күннің атауы – «Барлығына – денсаулық». Сонымен қатар осы күні Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының 75 жыл мерейтойына тап келіп отыр. Барша қазақстандықтарды Денсаулық күнімен құттықтаймын, - деп атап өтті ведомство басшысы Дүниежүзілік денсаулық күніне арналған бұқаралық жүгіру барысында берген сұхбатында.

Сонымен қатар министр дене белсенділігінің денсаулыққа пайдасына назар аударды.

Деніңіз сау болу үшін күн сайын дене шынықтырумен айналысып, дұрыс тамақтану керек. Дәрігерлердің кеңесіне де құлақ асқан абзал, - деді Ажар Ғиният.

Өзгелердің жаңалығы