"Бәрін білдім". Бишімбаевтың інісі мәлімдеме жасады

11 Сәуір 2024, 12:30
15647
Бөлісу:
"Бәрін білдім". Бишімбаевтың інісі мәлімдеме жасады
Фото: Jogargy_sot

Сот отырысында Бишімбаевтың інісі Бақытжан Байжанов Нүкенова қайтыс болған түні не болғанын айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Бұл қорқынышты трагедия. Салтанаттың жақындарына көңіл айтамын. Бәлкім менің сөздерім орынсыз шығар, бірақ мен де қатты қайғырдым. Өйткені мен Салтанатты жақсы білетінмін. Мен бірінші кезекте, Салтанаттың жақындары мен достарынан кешірім сұраймын. Өз мойнымдағы жауапкершілікті жақсы түсінемін. Жағдайды дұрыс түсініп, бағаламағаным үшін өкінемін, - деді Байжанов сот отырысында.

Байжанов өзінің кінәлі екенін айтып, кешірім сұрады.

VIP бөлменің астаң-кестеңі шығып жатты. Дәретхананың есігі қираған қалпы болды. Салтанаттың сол көзі ісіп тұрғанын байқадым. Бәрін көрдім. Таңғысын гастроорталыққа келген кезде оның (еск - Бишімбаевтың) сол күні ішімдік ішіп, Салтанатты кезекті рет ұрып тастағанын білдім. Мен бұл жайлы гастроорталыққа келер алдында білген болатынмын. Бірақ ол кезде ештеңе түсінбедім. Салтанатқа қауіп төніп тұрғанын, өлім мен өмірдің ортасында тұрғанын білмедім. Бұл ақталу емес. Мен тек шын мәнінде не болып жатқанын көре алмадым, - деді ол.

Бұған дейін Бишімбаевтың адвокаттары істі басқа судьяның қарағанын қалайтынын және Судья Бишімбаевтың екі адвокатын сотқа кіргізбей қойғанын жазған едік. 

Өзгелердің жаңалығы