Судья Бишімбаевтың екі адвокатын сотқа кіргізбей қойды

11 Сәуір 2024, 09:58
1782
Бөлісу:
Судья Бишімбаевтың екі адвокатын сотқа кіргізбей қойды
Фото: Жоғарғы соттың баспасөз қызметі

Астанада экс-министр Қуандық Бишімбаевқа қатысты 9-шы сот отырысы өтіп жатыр, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Маған Құсайынова мен Рамазанова есіктің сыртында тұр деген хабарлама келді. Олар сотқа кіруге рұқсат сұрап отыр, - деді Ерлан Ғазымжанов.

Судья екі қорғаушының кіруіне рұқсат бермеді.

Бұдан бұрын сот отырысында тараптарға бірнеше рет сотқа кешікпеу керегі айтылды. Бұл сот отырысы және тікелей эфирден көсетіліп жатыр. Сот отырысы 9:30-да басталуға тиіс, ал қорғаушылар кешігіп қалды. Осы себепті оларға рұқсат етілмейді, - деді судья Айжан Құлбаева.

Кеше сот отырысында марқұм Салтанат Нүкенованың көмекшісі жауап берген болатын.

Өзгелердің жаңалығы