Бақытбек Есентаев бостандыққа шығады

12 Шілде 2022, 11:21
1751
Бөлісу:
Бақытбек Есентаев бостандыққа шығады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қапшағай қалалық соты сотталған Бақытбек Есентаевтың өтінішін қарады.

Алматы облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының 2016 жылғы 3 қарашадағы үкімімен Есентаев кісі өлтіруге оқталу (ҚК 24-бабының 3-бөлігі, 99-баптың 1-бөлігі) бойынша 9 жылға сотталды. Бас бостандығынан айыру орындарында, жазасын қылмыстық-атқару мекемесінде өтеді.

Есентаев жазасын өтеу кезінде сотқа мерзімінен бұрын шартты түрде босату туралы өтініш берген.

Прокурор сотталған Есентаевтың өтінішін қанағаттандыруды сұрады.

Сотталушы мен оның қорғаушысы өтінішхатты толық қолдап, қанағаттандыруды сұрады.

Жәбірленуші Алагөзөва Б.М. және оның өкілі де Б.Есентаевты шартты түрде мерзімінен бұрын босатуға келісті.

Есентаев жазасын өтеу кезінде 11 сыйақы, 1 айыппұл өтелген, жазаның ½ бөлігін өтеген, яғни 6 жыл 1 ай 2 күн, мінез-құлқының 3 оң дәрежесі бар.

Жасалған қылмысының қоғамдық қауіптілігін түсініп, істеген ісіне өкінеді.

Сот үкімімен өндірілген 756 269 теңге процестік шығындар ерікті түрде өтелді.

Қапшағай қалалық сотының 2022 жылғы 12 шілдедегі қаулысымен сотталған Есентаевтың мерзімінен бұрын шартты түрде босату туралы өтініші қанағаттандырылды.

Қаулы заңды күшіне енген жоқ.

Өзгелердің жаңалығы