БАҚ туралы жаңа заң қандай болады?

7 Қыркүйек 2022, 12:01
3071
Бөлісу:
БАҚ туралы жаңа заң қандай болады?

Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі «Масс-медиа туралы» заңның жобасына реттеушілік саясаттың консультативтік құжатын әзірледі, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Құжат Мемлекет басшысы 2022 жылғы 16 наурыздағы «Жаңа Қазақстан: жаңару мен жаңғыру жолы» атты Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру аясында әзірленген.

Қазіргі заманда кез келген прогрессивті ел үшін бәсекеге қабілетті және еркін бұқаралық ақпарат құралдарының болуы аса маңызды. Отандық БАҚ-тың Қазақстанда, өңірде және әлемде болып жатқан үдерістерге өз көзқарасы болуға тиіс. Шынайы ақпараттық қауіпсіздік және елдің идеологиялық егемендігі де осыған байланысты. Мемлекет сұранысқа ие әрі мықты медианың ашық ақпараттық кеңістігін құруға ерекше назар аударсын. Сондықтан мемлекеттің мүдделерін, қоғамның сұраныстарын және медиа саланың даму үрдістерін ескере отырып, БАҚ туралы заңды қайта қарау қажет, - деген еді Презиент.

Осыған байланысты мемлекеттің мүдделерін, қоғамның сұраныстарын және медиа саланың даму үрдістерін ескере отырып, бұқаралық ақпарат құралдары туралы заңды қайта қарау қажет.

Атап айтқанда, құжат келесі мәселелерді шешуге бағытталған:

Журналистердің мәртебесін көтеру;

Бұқаралық коммуникация құралдарының мәртебесін айқындау;

Мемлекеттік қаржыландыруды реформалау;

Мемлекеттік органдармен өзара іс-қимыл;

БАҚ тіркеу тәртібін өзгерту;

Телерадио хабарларын тарату саласындағы трендтердің өзгеруі;

Интернет-жарнаманы реттеу;

Өзін-өзі реттеу институттарын дамыту;

Сипатталған мәселені шешудің ұсынылған жолдары:

Журналистердің мәртебесін көтеру

Ағымдағы салалық заңнамада журналистердің құқықтары мен міндеттерін белгілейтін бірқатар норма қарастырылған. Сонымен қатар, қазіргі заман талабы журналистердің құқықтық мәртебесін қайта қарауды және кеңейтуді талап етеді.

Бұқаралық ақпарат құралдарының мәртебесін анықтау

Бұқаралық коммуникацияның жаңа түрлерін ажырату бұқаралық ақпарат тарататын субъектілердің қызметін реттеуге мүмкіндік береді.

Мемлекеттік қаржыландыруды реформалау

Бұл проблеманы шешу дәстүрлі газеттер мен журналдарды гранттық қаржыландыруға және субсидиялау.

Мемлекеттік органдармен өзара іс-қимыл

Журналистік сұраныстарды қарау мерзімдерін қайта қарауда және мемлекеттік органдардың әлеуметтік желілердегі қызметін жақсарту.

Ұсынылып отырған өзгерістер БАҚ өкілдеріне мемлекеттік органдардан сұратылған ақпаратты жедел және сапалы алуға және әлеуметтік желілерде сапалы коммуникация арналарын құруға мүмкіндік береді.

БАҚ тіркеу тәртібін өзгерту

Домендік атаудың болуына қойылатын талапты белгілеу.

Телерадио хабарларын тарату саласындағы трендтердің өзгеруі

Соңғы жылдары телерадио хабарларын тарату саласына телекоммуникация желілеріндегі (интернет) хабар таратудың жаңа түрлері, аудиовизуалды платформалар, IPTV және ОТТ операторлары және т. б. еніп келеді.

Жаңа шындықты ескере отырып, бұл мәселенің шешімі олардың қызметін заңнамалық реттеуде көрінеді.

Ұсынылып отырған өзгерістер телерадио хабарларын таратудың IPTV-сервистері мен отандық спутниктік және кабельдік операторлары арасындағы зиянды бәсекелестікті жоюға және құқық иеленушілерге залал келтіруге, сондай-ақ ел аумағында есепке алу рәсімінен өтпеген шетелдік телеарналардың IPTV/OTT-сервистерінің таралуына жол бермеуге мүмкіндік береді. 

Интернет-жарнаманы реттеу

Жаңа технологиялардың жаппай дамуы және интернеттің енуі қоғамдық қатынастардың бір бөлігіне айналған, заң шеңберінен тыс жарнаманың жаңа түрлерін тудырады. 

Заң жобасы аясында бұл мәселенің шешімі «интернет-жарнама» ұғымын және оны реттеу принциптерін анықтауда көрінеді.

Ұсынылып отырған өзгерістер интернет желісіндегі жарнаманы жүйелендіруге және ашықтығын қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

Саланың өзін-өзі реттеуін дамыту

Қазіргі уақытта Қазақстанда өз қызметін белсенді жүзеге асыратын 30-дан астам қоғамдық бірлестіктер, қауымдастықтар (одақтар) және БАҚ саласындағы өзге де коммерциялық емес ұйымдар бар. Алайда, жалпыға бірдей белгіленген стандарттар жоқ.

Заң жобасы шеңберінде бұл проблеманы шешу салалық заңда БАҚ-тың өзін-өзі реттеу тетіктерін енгізуден көрінеді.

Өзін-өзі реттеудің бірқатар тетіктерін енгізу перспективада мемлекеттік биліктің, азаматтық қоғамның және масс-медиа өкілдерінің тең құқығына алып келуге мүмкіндік береді.

Өзгелердің жаңалығы