БАҚ-қа берілетін мемлекеттік тапсырыс талаптары жеңілдетіледі

25 Қаңтар 2023, 17:00
1196
Бөлісу:
БАҚ-қа берілетін мемлекеттік тапсырыс талаптары жеңілдетіледі
PHOTO
Фото: Арман Мухатов

Бұл туралы Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дархан Қыдырәлі өңірлік БАҚ форумында мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.  

Айтуынша, бүгінге дейін жабылған отандық газет-журналдардың нақты себептері терең ғылыми тұрғыда зерттеуді қажет етеді. 

Қазақстандық қоғамдық даму институты медиа саласыныңдағы осындай мәселелерді кешенді түрде талдап, нақты қорытындылар шығаруға тиіс. Біз қандай шешім қабылдасақ та, ғылыми негізге сүйенгеніміз жөн. Бүгін осы мәселелердің шешу жолдарын бірлесе қарастыру үшін өз ойларымды ортаға сала кеткім келеді. Журналистердің құқықтық мәртебесін көтеріп, әлеуметтік жағдайын жақсарту мақсатында «Масс-медиа туралы» заң қабылдауды көздеп отырмыз. Халықаралық тәжірибелерді ескере отырып әзірленген жаңа заң таяуда жұртшылық талқылауына шығарылды. Ол кеңінен талқылануда. Бұл заң жобасы кәсіби журналистің қоғамдағы орнын айқындап, әлеуетін көтереді деп ойлаймыз, - деді ведомство басшысы. 

БАҚ-қа берілетін мемлекеттік тапсырыс талаптары жеңілдетіледі

Сонымен бірге Ақпаратқа қол жеткізу мәселелері жөніндегі заңға түзетулер әзірленіп жатқанына тоқталды.

Ұсынылған өзгерістер, азаматтардың ақпаратқа қол жеткізу құқығын заңсыз шектеген мемлекеттік органдардың жауапкершілігін күшейтеді. Ақпараттық доктрина талқылаудан өтті. Сондай-ақ Ақпарат саласын дамытудың 2023-2030 жылдарға арналған тұжырымдамасын дайындауға кірістік, - деп атап өтті министр. 

Белгілі болғандай, аймақтағы басылымдарды қаржыландыру тетігі мен ережелерін қайта қарастырылуда.

БАҚ-қа берілетін мемлекеттік тапсырыстың талаптарын жеңілдетуге мүдделіміз. Атап айтқанда, жергілікті БАҚ-ты қолдау тарифтері  2019 жылдан бері өзгермегені белгілі. Соған байланысты біз тарифтерді ұлғайтуды жоспарлап отырмыз. Бұл шаралар жобалық тәсілде өңірлік мемлекеттік ақпараттық тапсырысты қалыптастыруға мүмкіндік береді. Сондай-ақ жергілікті ақпарат құралдарына жаңа серпін беріп, оң әсер етеді деген үміттеміз, - дейді Дархан Қыдырәлі. 

Өзгелердің жаңалығы