Алматыда Таиландтан ірі көлемде есірткі тасымалдамақ болған 22 жастағы Қазақстан азаматшасы 16 жылға бас бостандығынан айырылды.
Алматы қаласының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты оны аса ірі мөлшердегі есірткі заттарының контрабандасы және заңсыз айналымы үшін кінәлі деп тапты.
Сыйақы алу үшін чемодан алып келген
Бойжеткеннің ақшалай сыйақы үшін Қазақстанға жалпы салмағы 8,8 килограмм каннабис сығындысы салынған екі чемоданды жеткізуге келіскені анықталды. Контрабанданың жолы ол Алматы әуежайына ұшып келген бойда бірден кесілді, - деп хабарлады Бас көлік прокуратурасының баспасөз қызметі.
Прокуратура өкілдері әлеуметтік желілерде таралатын «оңай табыс» пен тегін саяхат туралы ұсыныстар жиі халықаралық есірткі схемаларының бір бөлігі болуы мүмкін екенін ескертеді.
Үкім заңды күшіне енді.
Айта кетейік, бұған дейін туыстарының атына сәлемдеме рәсімдеп, Таиландтан есірткі тасымалдағандарға үкім шықты.
Шымкентте қарбыз арасында жасырылған есірткі плантациясы анықталды
Threads-тегі алаяқтық: Әскерде "жапа шектім" деп оқырмандардан ақша жинаған астаналық сотталды
Германияда төрт айлық сәбиді аштан өлтірген ерлі-зайыптыға үкім шықты