Ақша табу үшін Threads желісінде әскердегі зорлық-зомбылық туралы жалған ақпарат таратқан 23 жастағы астаналық сотталды.
Ол әлеуметтік желіде әдейі жалған ақпарат таратып, заңсыз жолмен ақша жинамақ болған.
Осы жылдың ақпан айында жігіт анонимді түрде жариялаған жазбасында әскери қызмет кезінде өзіне жыныстық зорлық-зомбылық жасалғанын ойдан шығарып, өміріне қауіп төніп тұрғанын айтқан. Содан кейін шетелге кетемін деген мақсатта желідегі оқырмандарынан қаржылай көмек сұраған. Жазбасында ақша аударуға арналған банк реквизиттерін де қоса көрсеткен.
Әлеуметтік желіні пайдаланушылардың бірінің шағымынан кейін полиция тексеру жүргізген. Тексеру барысында жарияланған ақпараттың шындыққа сәйкес келмейтіні анықталған.
Сондай-ақ сотталған азаматтың ешқашан әскери қызмет өтемегені белгілі болды.
Ақша жинау үшін ол мән-жайды білмейтін 17 жастағы танысының банк шотын пайдаланған. Екі күннің ішінде бұл шотқа 15-тен астам ақша аударымы түскен. Тергеп-тексеру барысында күдікті жалған ақпаратты тек ақша табу мақсатында жариялағанын мойындады. Алаяқтық және көрінеу жалған ақпарат тарату фактілері бойынша қылмыстық іс қозғалды. Сот шешімімен ол кінәлі деп танылып, 3 жылға бас бостандығынан айырылды, - деп хабарлады ІІМ баспасөз қызметі.
Полиция азаматтарға әлеуметтік желілердегі тексерілмеген ақпаратқа сенбеуге және бейтаныс адамдарға ақша аудармауға кеңес береді. Тек ресми ақпарат көздеріне ғана сенім артыңыз.
Еске салайық, бұған дейін TikTok-та диван сатқан әйел сотталып кетті.
Тағы оқи отырыңыздар:
Алматы облысында 30-дан астам адам автосалонға алданып, көлігінен айырылды
Арзан турдың зардабы: Ақтөбеде 200-ден астам тұрғын демалыссыз қалды
TikTok-тағы тұзақ: Жұмыс іздеген астаналықтар қалай алданды?