Туыстарының атына рәсімдеген: Таиландтан есірткі тасымалдағандарға үкім шықты

Сәлемдемелер бөгде адамдардың атына жіберіліп отырған. Құқық қорғау органдары қандай көлемде есірткі тәркіледі?

21 Шілде 2026, 17:34
АВТОР
 ©BAQ.KZ архиві/Бауыржан Жуасбаев 21 Шілде 2026, 17:34
21 Шілде 2026, 17:34
174
Фото: ©BAQ.KZ архиві/Бауыржан Жуасбаев

Алматыда алқабилердің қатысуымен өткен сот Таиландтан есірткі контрабандасы арнасын ұйымдастырушыны кінәлі деп танып, оны 16 жылға бас бостандығынан айырды. 
 
Тергеу мен сот анықтағандай, сотталушы халықаралық пошта жөнелтілімдері арқылы гашиш майын елге заңсыз әкелуді ұйымдастырған. Есірткі заттары сәлемдемелердің ішіне жасырылып, ештеңеден күдіктенбеген туыстары мен таныстарының атына рәсімделіп отырған.

Құқық қорғау органдары контрабанданың бірнеше әрекетінің жолын кесіп, 5,7 килограмнан астам каннабис сығындысын тәркіледі. Бұдан бөлек, сотталушыдан өткізуге арналған есірткі заттары мен заңсыз сақталған оқ-дәрі табылды, - делінген Бас көлік прокуратурасының хабарламасында.

Іс бойынша мемлекеттік айыптауды көлік прокуратурасы қолдады.

Үкім заңды күшіне енген жоқ.
 

Наверх