Балқашта жол апатынан 9 адам қаза тапты

19 Тамыз 2023, 09:36
691
Бөлісу:
Балқашта жол апатынан 9 адам қаза тапты
Фото: polisia.kz

19 тамыз күні сағат 6:00 шамасында Балқаш - Приозерск тас жолында, Гүлшат кентінен 5 шақырым жерде Toyota Camry 70 пен Honda Odyssey көліктерінің қатысуымен жол-көлік оқиғасы тіркелді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Салдарынан 9 адам оқиға орнында қайтыс болды. Бір жолаушы ауруханаға жеткізілді, - деп хабарлады Балқаш қалалық полиция бөлімінің бастығы Айткен Кадрин.

Аталған дерек бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталып, тиісті сараптамалар тағайындалды.

Өзгелердің жаңалығы