Балаларға қатысты жыныстық қылмыстың жазасын қатаңдатуға қатысты заң күшіне енді

18 Қаңтар 2021, 11:14
2277
Бөлісу:
Балаларға  қатысты жыныстық қылмыстың жазасын қатаңдатуға қатысты заң күшіне енді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы ІІМ ресми өкілі Нұрділда Ораз ішкі істер министрлігінің дәстүрлі баспасөз конференциясында айтты. 

Мемлекет басшысы Қазақстан халқына Жолдауында кәмелетке толмағандар үшін  жыныстық қылмыстар үшін жазаны қатаңдатуды тапсырған болатын. Кейбір заңнамалық актілерге тиісті өзгерістер әзірленіп, Парламентке енгізілді. Бұл түзетулер 11 қаңтарда заңды күшіне енді. Осылайша, балаларға қатысты жасалатын жыныстық сипаттағы қылмыстың кез келген түріне жауапкершілік күшейтілді. Кәмелетке толмағандарға қатысты жыныстық қылмыс жасалғандарға санкциялар қатаңдатылды, - деді ол. 

Ораз айтқандай, мәселен, Қылмыстық кодекстің 126-бабы «Зорлау қылмысы бойынша» айтатын болсақ, қылмыстық топ құрамында жасаған қылмыс үшін 15 жылдан 17 жылға дейін бас бостандығынан айыруға дейін көбейтілді. 

Өгей әкесі мен педагогтің осындай қылмыс жасағаны үшін 17 жылдан  20 жылға дейін көбейтілді. Бұрын бұл норма 12 жылдан 17 жыл аралығында болатын. Осындай өзгерістер қылмыстық кодекстің 121,122, 134,144,312- баптарына енгізілді. Бұл бастама кәмелетке толмағаен балаларға қатысты зорлық-зомбылықты ауыздықтайды деген үміт бар, - деді ол.

Өзгелердің жаңалығы