Францияда 15 жасқа толмаған балаларға әлеуметтік желілерді қолдануға тыйым салынатын болды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Бұл туралы ел президенті Эмманюэль Макрон мәлімдеді.
Еуропалық бұқаралық құралдарының мәліметінше, жаңа ереже жуырда күшіне енеді.
Мұндай шешімді француздық көшбасшы Еуроодақ деңгейінде қабылдауға ниетті екенін жеткізді.
Атап айтқанда, Франция мен Испаниядан қолдау тапқан Грекия да ЕО жасөспірімдердің ғаламторда өткізетін уақытын шектеуді құптап отыр.
Алайда Э. Макрон шектеуді тез арада енгізу қажеттігін айтып, дабыл қақты.
Бізде күтуге уақыт жоқ, - деді Макрон.
Сонымен қатар президент Францияның сайттарында интернетте пышақ сататын сайттарға тексеріс жүргізілетінін ескертті.
15 жастағы жасөспірім бұдан былай интернет арқылы пышақ сатып ала алмайды. Біз ауқымды қаржылық санкция мен тыйымды енгіземіз, - деді Макрон.