Балаларды қағаз жүзінде емдеген: Алматы облысында клиника директоры 66 млн теңге жымқырған

Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру қаражатын заңсыз иемдену дерегі анықталды.

1 Қыркүйек 2026, 12:52
АВТОР
 ©BAQ.KZ архиві 1 Қыркүйек 2026, 12:52
1 Қыркүйек 2026, 12:52
195
Фото: ©BAQ.KZ архиві

Алматы облысында екі жеке стоматологиялық клиниканың директоры Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорынан ақша алу үшін пациенттердің деректерін заңсыз пайдаланған. Келтірілген шығын 65,9 миллион теңгені құрады, деп хабарлайды BAQ.KZ облыс прокуратурасына сілтеме жасап.

Алаяқтық схемасын Алматы облысының прокуратурасы анықтады.

Ведомство мәліметінше, екі жеке стоматологиялық клиниканың басшысы пациенттердің дербес деректерін пайдаланып, медициналық ақпараттық жүйеге туа біткен патологиясы бар балаларға көрсетілмеген ортодонтиялық қызметтер туралы жалған мәліметтер енгізген. Соның негізінде МӘСҚ қорының қаражатынан заңсыз төлемдер жүргізілген.

Осы жазбалардың негізінде клиникалар МӘМС қаражаты есебінен төлемдер алып келген.

Прокурорлық тексеру материалдары бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 190-бабы 4-бөлігі 2) тармағымен қылмыстық іс тіркелді. Сот үкімімен кінәлі тұлға сотталып, мемлекетке келтірілген залал толық көлемде өтелді, - деп хабарлады Алматы облысы прокуратурасының баспасөз қызметі. 

Еске салайық, бұған дейін Қазақстанда 242 мың баладан профилактикалық тексеруден кейін аурулар анықталды.

Тағы оқи отырыңыз:

Астанада емделуші стоматологиялық емханада ұрлыққа түсті 

17,5 млн теңге берешек: Өскеменде 53 дәрігер екі ай бойы жалақы алмаған

Қазақстандықтарға тіс имплантын салдыру қаншаға түседі?

Наверх