Астанада емделуші стоматологиялық емханада ұрлыққа түсті

Ол барсетканы жасырын ұрлап, ішіндегі ақшаны алып қойған.

Бүгiн 2026, 15:11
АВТОР
 Астана қаласының ПД баспасөз қызметі Бүгiн 2026, 15:11
Бүгiн 2026, 15:11
150
Фото: Астана қаласының ПД баспасөз қызметі

Астана қаласының полиция қызметкерлері стоматологиялық емханалардың бірінде жасалған ақша ұрлығын әшкереледі.

43 жастағы ер адамның медициналық мекемеге келуші ретінде кіргені анықталды. Ғимаратта адамдардың жоқтығын пайдаланған ол, барсетканы жасырын түрде ұрлап, ішіндегі ақшаны алған. Содан кейін сөмкені орнына қойып, емханадан шығып кеткен.

Келтірілген шығын көлемі шамамен 350 мың теңгені құрады. Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында күдікті тұрғылықты жері бойынша ұсталды. Белгілі болғандай, ол ұрланған ақшаны өз қажеттіліктеріне жұмсап үлгерген. Аталған дерек бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде, - деп хабарлады Астана қаласының ПД баспасөз қызметі. 

Еске салайық, бұған дейін Астанада мешітке барған әйел қымбат киімінен айырылып қалды

Тағы оқи отырыңыздар:

Ақтауда қызметкер "разборка" жасау үшін кеңсеге "қару мен граната" алып барған

Астаналық тұрғын курьер арқылы алаяқтарға 21 миллион теңге жіберген

Ауладағы қайғылы жағдай: Астанада кішкентай бүлдіршінді көлік қағып кетті

 

Наверх