Балалар жылы. Биыл балалар профилактикасына 27,5 млрд теңге бөлінді

1 Маусым 2022, 11:33
1155
Бөлісу:
Балалар жылы. Биыл балалар профилактикасына 27,5 млрд теңге бөлінді
Фото: BAQ.KZ

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы бүгін өткен Үкімет отырысында Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният мәлімдеді. 

Сондай-ақ, еліміздің бас дәрігері министрлік тарапынан «Балалар жылы» қандай іс-шаралар атқарылатындығына тоқталды. 

Осы «Балалар жылы» шеңберінде Денсаулық сақтау министрлігі балалар денсаулығын сақтаудың бірнеше бағыттары бойынша қаржыландыруды ұлғайтты, атап айтқанда, 54%-ға балаларды профилактикалық тексеруге бағытталған қаржыландыру көлемі 10,9 млрд теңгеден 16,8 млрд теңгеге дейін ұлғайды. Мектеп медицинасына бағытталған қаржыландырудың жалпы көлемі 24%-ға 22,2 млрд теңгеден 27,5 млрд теңгеге дейін ұлғайды. Яғни бір оқушыға арналған жан басына шаққандағы норматив 549,44 теңгеден 654,79 теңгеге дейін өсті, - деп атап өтті ведомство басшысы.

Сонымен қатар балалар стоматологиясына да қомақты қаражат бөлінген. 

Балаларға стоматологиялық көмек көрсету үшін 28,1 млрд теңге бөлінді, бұл 2021 жылмен салыстырғанда 24,5%-ға жоғары. Алғаш рет қосымша аудиологиялық скринингке 5,0 млрд теңгеден астам қаражат бөлінді. Министрлік аз қамтылған отбасыларының балаларына ортодонтиялық көмек көрсету бағдарламасын іске асырып жатыр. 2022 жылы осы мақсаттарға бөлінген сома 5,6 есеге ұлғайып, 5,0 млрд теңгені құрады. Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру  жүйесі енгізілгеннен бері  медициналық оңалтуды қаржыландыру жалпы 7 есеге ұлғайды. Оның ішінде балаларға 2021 жылы 11,4 млрд теңгеден астам қаражат, 2022 жылы 15,2 млрд теңге бөлінді, - деді министр. 

Өзгелердің жаңалығы