Балаева: Жаңа Конституция мәдениетке деген көзқарасты түбегейлі өзгертті

Аида Балаева жаңа Конституцияда бекітілген құндылықтар – әділдік, заң үстемдігі, адамға құрмет, ұлттық бірегейлік пен қоғамдық жауапкершілік – бүгінгі Қазақстанның ғана емес, ертеңгі ұрпақтың да басты негізі екенін айтты.

 ©BAQ.KZ архиві/Арман Мухатов Бүгiн 2026, 09:21
Бүгiн 2026, 09:21
134
Фото: ©BAQ.KZ архиві/Арман Мухатов

ҚР Премьер-министрінің орынбасары – Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева жаңа Конституцияда мәдениет, ғылым мен білім мемлекеттің стратегиялық басымдықтары деңгейіне көтерілгенін айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Вице-премьер бұл туралы Үкімет отырысында айтты.

Бүгін – еліміз үшін тарихи күн. Біз қастерлі Отанымыздың тағдырлы белестен өтіп, жаңару мен жасампаздықтың жаңа кезеңіне аяқ басқан тарихи сәтіне куә болып отырмыз. Ауқымды өзгерістердің барлығы – ең алдымен, елдегі тұрақтылық пен бірліктің, халқымыздың ортақ мүддежолында Мемлекет басшысының іргеліреформалары аясында топтаса білуінің нәтижесі. Ұлы Даланың мыңжылдық тарихынан тамыр тартқан жаңа Конституция тәуелсіздіктің тағылымы менкелешек ұрпақ алдындағы жауапкершілігімізді бір арнаға тоғыстырды, – дейді Балаева.

Оның айтуынша, жаңа Конституцияда бекітілген құндылықтар – әділдік, заң үстемдігі, адамға құрмет, ұлттық бірегейлік пен қоғамдық жауапкершілік – бүгінгі Қазақстанның ғана емес, ертеңгі ұрпақтың да басты негізі.

Біз үшін айрықша маңызды өзгерістердің бірі – мәдениет, ғылым менбілімнің мемлекеттің стратегиялық басымдықтары деңгейіне көтерілуі.  Конституцияда алғаш рет ұлттық мәдени мұраны сақтау мен дамыту мемлекеттің тікелей міндеті ретінде бекітілді.  Бұл – мәдениеттің енді тек рухани құндылық қана емес, қоғамдық тұтастықтың және елдің ұзақ мерзімді дамуының негізгі факторларының бірі ретінде танылғанын білдіреді, – деді вице-премьер.

Аида Балаеваның дерегінше, бүгінде елімізде 25 мыңнан астам тарихи-мәдени объект бар. Оның ішінде республикалық маңызы бар 276 тарихи және мәдени ескерткіш, 12 мыңнан астам жергілікті маңызы бар, алдын ала тізімдегі 13 мыңға жуық тарихи-мәдени объекті тіркелген.

Мұның бәрі – халқымыздың құнды қазынасы, тарихи жады әрі рухани негізі. Осындай баға жетпес мұраларымыздысақтау – бүкіл қоғамның ғана емес, келешек ұрпақтың да қастерлі борышы. Сондықтан Конституцияда тарихи-мәдени мұраны қорғаудың әр азаматтың ортақ жауапкершілігі ретінде айқындалуы – мәдениетке деген көзқарастың түбегейлі өзгергенінің нақты дәлелі.  Жалпы алғанда, Конституциялық өзгерістерге сәйкес Ұлттық архив қоры және архивтер, қоғамдық кеңестер және ақпаратқа қол жеткізу мәселелері бойынша 3 заңға өзгерістер енгізілді. Сонымен қатар Конституция талаптарына сәйкес келтіру мақсатында тағы 18 заңға түзетулер жасалуда, – деді ол.

Атап айтқанда, сөз бостандығы мен ақпарат тарату, діни ұйымдардың қызметі, бейбіт жиналыстарды өткізу, волонтерлік қызметті қолдау, қайырымдылық, мәдениет, кинематография бойынша, сондай-ақ Конституциядан тікелей туындайтын өзге де заңнамалық өзгерістер енгізілмек.

Айта кетейік, бүгін, яғни 1 шілдеден бастап Қазақстанның жаңа Конституциясы күшіне енді. Жаңа Конституцияның күшіне енуімен 1995 жылғы Қазақстан Республикасының Конституциясының күші жойылды.

Тағы оқи отырыңыз: Тәуелсіз Қазақстан тарихының жаңа дәуірі басталды – Президент қазақстандықтарға үндеу жасады 

Наверх