Балаева Қуандық Шамахайұлының отбасына көңіл айтты

29 Маусым 2020, 14:37
1263
Бөлісу:
Балаева Қуандық Шамахайұлының отбасына көңіл айтты

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрі Аида Балаева бүгін өмірден өткен журналист Қуандық Шамахайұлының отбасына көңіл айтты.

Журналист Қуандық Шамахайұлының өмірден мезгілсіз озуына байланысты марқұмның отбасы мен айнала-жақындарының қайғысына ортақтасып, көңіл айтамын. Қуандық аға кәсіби шеберлігі жоғары, отандық ақпарат кеңістігінде өз ой-пайымы бар тұлға еді. Марқұмның жаны жанатта болсын! - деп жазды министр өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында.

Естеріңізге сала кетейік, бүгін белгілі журналист Қуандық Шамахайұлы ауруханада қайтыс болғаны жайлы хабарлаған болатынбыз.

Өзгелердің жаңалығы