Балаева: Есенғали Раушанов қазақ журналистикасының дамуына өлшеусіз үлес қосқан зиялы жан еді

16 Сәуір 2021, 10:32
1436
Бөлісу:
Балаева: Есенғали Раушанов қазақ журналистикасының дамуына өлшеусіз үлес қосқан зиялы жан еді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ақпарат және қоғамдық даму министрі Аида Балаева Есенғали Раушановтың дүниеден озуына байланысты марқұмның отбасы мен жақын-туғандарына көңіл айтты.

Көрнекті ақын, белгілі қаламгер, Мемлекеттік сыйлықтың иегері Есенғали Раушанов ағамыздың дүниеден озуына байланысты марқұмның отбасы мен жақын-туғандарының қайғыларына ортақтасып көңіл айтамын.

Есенғали ағамыз бүкіл саналы ғұмырын қазақ руханияты мен ұлттық әдебиетімізді дамытуға арнаған, қарымды қабілетімен, дарынды болмысымен қазақ журналистикасының дамуына өлшеусіз үлес қосқан зиялы жан еді. 

Зор шығармашылық ой-өрісімен, терең парасатымен халқының үлкен ілтипатына бөленіп, артына өшпейтін әдеби мұра, өнегелі өлеңдер қалдырды. 

 Ақын ағамыздың жарқын жүзі, терең болмысы қалың оқырман қауымның көңілінде мәңгi сақталады деп сенемін.

Марқұмның жатқан жері жарық, топырағы торқа болып, нұры пейіште шалқысын.

Өзгелердің жаңалығы