Балаева Әзірбайжанның Қазақстандағы елшісімен кездесті

1 Желтоқсан 2023, 14:44
478
Бөлісу:
Балаева Әзірбайжанның Қазақстандағы елшісімен кездесті
Фото: Мәдениет және ақпарат министрлігі

Аида Балаева Әзірбайжанның Қазақстандағы елшісімен кездесті, деп хабарлайды BAQ.KZ.

2-5 желтоқсан аралығында Әзірбайжан Республикасында Қазақстан Республикасының Мәдениет күндері өтеді. Маңызды іс-шара қарсаңында Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева Әзербайжан Республикасының Қазақстандағы елшісі Агалар Рагим-оглу Атамоглановпен кездесті.

Балаева Әзірбайжанның Қазақстандағы елшісімен кездесті

Аида Балаева екі ел арасындағы мәдени-гуманитарлық байланыстар жоғары деңгейде дамып келе жатқанын атап өтті.

Мәдениет күндерін ұйымдастыру – өзара байланыстарды нығайту мен тереңдетудің тағы бір қадамы. 2024 жылы Қазақстанда Әзірбайжанның мәдениет күндерін өткізу жоспарлануда. Достық байланыстарды нығайтуға ықпал ететін ұзақ мерзімді және өзара тиімді бастамаларды жоспарлай отырып, біз әртүрлі салаларда тығыз ынтымақтасуға дайын екенімізді көрсетеміз, - деп атап өтті министр.

Балаева Әзірбайжанның Қазақстандағы елшісімен кездесті

Біздің мемлекеттер басшылары қол қойған бірқатар маңызды құжаттар, соның ішінде Қазақстан мен Әзірбайжанның Жоғары Мемлекетаралық кеңесін құру туралы хаттама тұрақты қарым-қатынастардың көрсеткіші болып табылады. Мәдениет және медиа саласындағы ынтымақтастық бізді ерекше қызықтырады. Атап айтқанда, бірлескен платформа құру, коммуникациялар, білім алмасу бойынша жобаны іске асыру қажеттілігі бар, - деді елші өз кезегінде.

Аида Балаева жастар саясаты, креативті индустрия, азаматтық сектор салаларындағы ынтымақтастықты күшейтуге қызығушылығын білдіріп, екі елдің мұражайларына, қорықтарына, сәулет ескерткіштеріне баруды және мәдени мұраларын зерттеуді қамтитын мәдени-ғылыми туризмді дамыту жөніндегі жобаны іске асыруды ұсынды.

Өзгелердің жаңалығы