Балабақшаларға кезек 100%-ға қысқарды – БҒМ

27 Сәуір 2021, 12:30
1801
Бөлісу:
Балабақшаларға кезек 100%-ға қысқарды – БҒМ

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Білім және ғылым министрлігінің аппарат жиналысында вице-министр Шолпан Каринова айтты.

Вице-министр атап өткендей, Білім және ғылым министрлігі білім берудің әр деңгейлерінде ашықтықты, объективтілікті қамтамасыз ету бойынша жұмыстар жүргізеді.

Бүгінгі күні балабақшаларға бағыттау 100% автоматтандырылған. Осыған дейін қағаз түрінде бағыттаманы алатын ата-аналар өз құжаттарын алдын ала жазылусыз жүргізетін болған. Қағаз түрінде тапсырған кезде әр ата-анадан 4 құжат талап етілді. Сондай-ақ басқа категория бойынша кезектен тыс орын алу мәселелеріне немесе арнайы білім мекемелеріне баруға байланысты тағы бөлек құжаттарды тапсыратын. Әр ата-ананың әлеуметтік деңгейін, әлеуметтік орнын табу үшін тиісті құжаттарды қағаз түрінде ұсыну талап етілген. Ал ата-аналардың қолдарына қабылдау немесе қабылдамау туралы қағаз түріндегі бағыттама берілді. Бұл қызмет 5 жұмыс күні ішінде жүргізілді, - деді ол.

Вице-министрдің сөзінше, бүгінгі күні бұл процестер автоматтандырылған.

Құжаттар Электрондық үкімет порталында қабылданады. Сондай-ақ тек бір (1) ғана құжат тапсырылады. Бұл - ата-ананың көрсеткен өтініші. Жүйелердің барлығы бірыңғай болғандығының арқасында балалар туралы ақпараттың барлығы автоматты түрде тиісті жүйеден алынады, - деп атап өтті Каринова.

Өтініштерді тіркеу автоматты түрде өзінің уақыты және күні бойынша жүргізіледі. Ата-аналар өз беттерінше электрон нұсқаулықты ала алады және бұл қызмет 30 минут ішінде жасалады.

Бүгінгі таңда балабақшаларға кезек 100%-ға қысқартылды. Яғни 364 206 бала кезекте тұр. 2020 жылы алған бағыттамалар бойынша 107 мыңнан аса бағыттаманың 105 мыңы электрон түрде тіркелген.



Өзгелердің жаңалығы