Бала тәрбиелеумен қатар ауылшаруашылық өнімін шығаратын балабақша

26 Қазан 2020, 15:45
1453
Бөлісу:
Бала тәрбиелеумен қатар ауылшаруашылық өнімін шығаратын балабақша

Алматы, BAQ.KZ. Шығыс Қазақстан облысы Тарбағатай ауданында қосымша табыс көзін тауып, бюджетке салмақ түсірмейтін балабақша бар. Бұл туралы Хабар24 мәлімдеді.

Ақжар ауылындағы білім беру мекемесінде 5 жыл бұрын жылыжай ашылып, онда көкөніс, гүл көшеттері өсіріле бастаған. Осылайша балдырғандарды экологиялық таза өніммен жыл он екі ай қамтыған тәрбиешілер, артылған өнімді жергілікті тұрғындарға сатып түскен пайданы ғимаратқа жиһаз, жұмсақ ойыншықтар мен басқа да құрал-жабдықтар алу үшін жұмсап келеді. 

Биыл әкімдік тарапынан қосалқы шаруашылық жүргізу үшін 2 жарым гектар жер беріліпті. Онда да картоп, сәбіз, орамжапырақ сияқты көкөністер өсірілген. Енді мал ұстап, құс өсіруді қолға алмақшы. Балабақшада барлығы 201 бала тәрбиеленеді, қазір карантиндік шектеулерге байланысты олардың тең жартысы ғана келіп жүр.  

Қазірше біз 5 бастан 10 басқа дейін бордақылауға мал алып отырмыз. Келесі жылдары сүт бағытына қарай бағыттаймыз ба деп отырмыз. Жаңатілеу мекенінен 1 гектар жер алғанбыз. Ол жерді биыл қоршап біттік, енді келесі жылдары сонда құс фермасын ашамыз ба деген ойдамыз, - дейді балабақша меңгерушісінің орынбасары Гауһар Нығметжанқызы.
Өзгелердің жаңалығы