Бағдат Мусин ҚХР-дағы Қазақстанның Төтенше және өкілетті елшісімен кездесті

23 Сәуір 2024, 07:16
361
Бөлісу:
Бағдат Мусин ҚХР-дағы Қазақстанның Төтенше және өкілетті елшісімен кездесті
Фото: ЦДИАӨМ баспасөз қызметі

Кеше Астана қаласында Цифрлық даму министрі Бағдат Мусин Қытай Халық Республикасының Қазақстан Республикасындағы Төтенше және өкілетті елшісі Чжан Сяомен кездесті, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Екі ел арасындағы даму, сондай-ақ ҚР ЦДИАӨМ мен ҚХР өнеркәсіп және ақпараттық технологиялар министрлігі арасындағы өзара түсіністік мәселелері талқыланды.

Сонымен қатар, жасанды интеллект пен ақпараттық технологиялар саласындағы серіктестікті нығайту мәселесіне баса назар аударылды.

Айта кету керек, екіжақты қатынастардың қолда бар әлеуеті инвестициялық өзара іс-қимылды одан әрі кеңейту перспективаларын көрсетеді.

Өз кезегінде ҚХР ҚР-дағы Елшісі екі елдің стратегиялық әріптестігі жоғары дамуға ие екенін растады.

Өзгелердің жаңалығы