БАӘ өз азаматтарына Таяу Шығыстағы үш елге баруға тыйым салды

Шешім өңірдегі қазіргі жағдайға байланысты қабылданған.

 pixabay.com Бүгiн 2026, 18:53
Бүгiн 2026, 18:53
181
Фото: pixabay.com

БАӘ билігі өз азаматтарына Иран, Ливан және Иракқа сапарлауға тыйым салды, деп хабарлайды BAQ.KZ Emirates News Agency ресми ақпарат агенттігіне сілтеме жасап.

Бұл туралы елдің Сыртқы істер министрлігі мәлімдеме жасады.

Сондай-ақ ведомство аталған елдерде жүрген БАӘ азаматтарын шұғыл түрде елге оралуға шақырды.

Министрлік шетелдегі азаматтардың қауіпсіздігіне басымдық берілетінін атап өтіп, барлық ресми нұсқаулықтарды қатаң сақтауға кеңес берді.

Иран, Ливан және Ирак аумағында жүрген БАӘ азаматтарына қауіпсіздік шаралары аясында жергілікті билік органдарымен байланысқа шығу ұсынылды.

Наверх