Алтай Көлгінов: Бұл – береке мен бірлік нығаятын ай

24 Сәуір 2020, 04:24
1817
Бөлісу:
Алтай Көлгінов: Бұл – береке мен бірлік нығаятын ай

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Елорда әкімі Алтай Көлгінов қала тұрғындарын Рамазан айының басталуымен құттықтады. Бұл туралы ол өзінің facebook-тегі парақшасында жазды.

Құрметті елордалықтар! Алдымен баршаңызды айлардың сұлтаны Рамазанның келуімен шын жүректен құттықтаймын! Бұл – береке мен бірлік нығайып, мейірім мен қайырым сияқты қасиеттер артатын ай. Осы отыз күнде жасаған жақсылықтарыңыз бен игі істеріңіздің сауабы мол болсын, - деді Көлгінов.

Сонымен қатар биылғы Рамазан әлемдік пандемиямен күрестің күшейген кезіне сәйкес келіп отырғанын атап өткен. Осы орайда елде ұйымдастырылып жатқан түрлі іс-шараларды қолдайтынын жазған.
Медицина мамандарының оқшаулануды дүниені шарпыған вирусқа қарсы күресте негізгі әдіс-тәсіл ретін ұсынып, көптеген мемлекет халқы карантин тәртібін қатаң сақтап отыр. Біздің еліміздің тұрғындары осы оқшаулану кезеңінде түрлі челлендждерді ойлап тауып, қолдап келеді. Осының ішіндегі көпшілігімізге жақыны – "Қандай кітап оқып жатырсыз?" болды деп ойлаймын. Мемлекет басшысы бастап, қоғамның әр саласында қызмет етіп жүрген азаматтар оқып жүрген кітаптарымен бөлісіп жатыр. Рамазан айы – оқуға зейін ашылып, кітапқа ынта қоюға таптырмас уақыт.

Әкім бұл челленджді өзіне профессор Айман Мұсаходжаева жолдағанын, өз кезегінде өзінің де қолдайтынын мәлім еткен.

Дегенмен, өзіммен бірге алып жүретін және жұмыс үстелімде тұратын кітаптарды оқып, өмірде, қызмет барысында пайдаланатынымды жасырмаймын. Оқырмандарға қызық болар деп мына кітаптарды атап өтуді жөн санадым, - деген елорда басшысы бірнеше кітапты ұсынған.
111.jpg

Өзгелердің жаңалығы