Қытайдың Ханчжоу қаласында өтіп жатқан Азия ойындарының алғашқы жарыс күнінде ел қоржынына екі жүлде түсті, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Біріншісі, дзюдодан Абиба Абужақынова (48 келі) – күміс, ал екіншісі Мағжан Шамшадин (60 келі) – қола.
Көш басында 29 медальмен (19 алтын, 7 күміс, 3 қола) Қытай тұр.
Одан кейін 14 медальмен (5 алтын, 4 күміс, 5 қола) Оңтүстік Корея келе жатыр.
Үшінші 13 медальмен (2 алтын, 6 күміс, 5 қола) Жапония құрамасы тұр.
Қазақстан құрамасы 2 медальмен (1 күміс, 1 қола) оныншы орынға жайғасты.
Оқи отырыңыз: