Азия чемпионаты: Қазақстандық волейболшылар Үндістаннан басым түсті

5 Қыркүйек 2023, 09:20
742
Бөлісу:
Азия чемпионаты: Қазақстандық волейболшылар Үндістаннан басым түсті
Фото: BAQ.KZ - архив

Таиландтың Накхонратчасима қаласында өтіп жатқан волейболдан әйелдер арасындағы Азия чемпионатында Қазақстан құрамасы Үндістаннан басым түсті, деп хабарлайды BAQ.KZ Skifnews.kz сілтеме жасап.

Қазақстандық волейболшылар плей-офф сатысында Үндістанды 3:0 (25:17, 25:17, 25:21) есебімен тізе бүктірді.

Бұдан бұрын олар жарыстың аталған сатысында Жапонияға 0:3 (13:25, 20:25, 18:25) есебімен есе жіберген еді.

Енді ел құрамасы 5-8 орындар үшін сынға түседі. Алдымен 5 қыркүйекте Австралиямен кездеседі. Жеңсе 6 қыркүйекте одан кейін 5, жеңілген жағдайда 7 орын үшін таласады.

Ал топтық кезеңде қазақстандық волейболшылар D тобында сынға түсті. Алдымен Филиппинді тай-брейкте 3:2 (25:21, 17:25, 24:26, 27:25, 15:6), одан кейін Гонконгты 3:0 (25:16, 25:23, 25:17) есебімен сүріндірсе, Қытайдан 0:3 (12:25, 21:25, 10:25 ) есебімен жеңілді.

Айта кетсек, қазақстандық волейболшылар Азия чемпионатына 12 мәрте қатысып отыр. Әзірге ең үздік жетістігі – 2005 жылы алған күміс медаль.

Өзгелердің жаңалығы