Азия чемпионаты. Олег Болтин чемпион

18 Сәуір 2021, 22:15
1598
Бөлісу:
Азия чемпионаты. Олег Болтин чемпион

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Еркін күрестен Қазақстан командасының мүшесі Олег Болтин 125 келі салмақ дәрежесінде Азия чемпионы атанды деп хабарлайды Olympic.kz.  

Финалда Болтин қырғызстандық Айаал Лазаревпен кездескен болатын. Кездесу соңына дейін қарсыласынан ұтылып жатқан қазақстандқ балуан соңғы минуттарда жеңісті жұлып алды.  

Осылайша, еркін күрестен Қазақстан командасы Азия чемпионатында үш алтын жеңіп алды. 

Ал үшінші орын үшін күресте Асадов Оңтүстік Корея өкілі Хьокбен Гвонмен кездескен болатын. 1:1 есебімен тең аяқталған белдесуде соңғы ұпайды иеленген кореялық балуан қола медаль жеңіп алды. Асадов алғашқы бестікте. 

Естеріңізге сала кетейік, Еркін күрестен Қазақстан командасы үздіктерінің бірі Нұрқожа Қайпанов екі дүркін Азия чемпионы атанған болатын.

Өзгелердің жаңалығы