Әзірбайжаннан Ресейге рейстер тоқтатылды

6 Наурыз 2022, 15:27
1970
Бөлісу:
Әзірбайжаннан Ресейге рейстер тоқтатылды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Әзірбайжандық "AZAL" и "Buta Airways" әуе компаниялары Ресейдің барлық қалаларына өз рейстерін тоқтатады.

Бұл туралы "AZAL" ұлттық әуе компаниясының баспасөз қызметі мәлімдеді.

Қолда бар ақпаратқа сәйкес, "Росавиацияның" ұсынысымен ертеңнен бастап халықаралық рейстер кезінде туындайтын қауіп-қатерге байланысты ресейлік әуе компанияларының Әзірбайжанға рейстері белгісіз мерзімге тоқтатылды. Халықаралық рейстер кезінде толыққанды сақтандыру мүмкіндігінің болмауы біздің елдеріміздің азаматтары, әуе компаниялары және басқа да заңды тұлғалар қауіп-қатер тудырады, — делінген Әзірбайжанның ұлттық әуе компаниясының хабарламасында.

Тоқтатылған рейстердің жолаушылары айыппұл талап етпей-ақ ұшу күнін өзгертуге немесе билет құнын қайтаруға құқылы.

 

Өзгелердің жаңалығы