Азиада: Қазақстан құрамасының қоржынына тағы бір қола жүлде түсті

26 Қыркүйек 2023, 09:42
633
Бөлісу:
Азиада: Қазақстан құрамасының қоржынына тағы бір қола жүлде түсті
Фото: Туризм және спорт министрлігі

Бүгін Ханчжоудағы Азия ойындарында Қазақстан кезекті медаль жеңіп алды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

10 метрден пневматикалық винтовкадан оқу атудан аралас командалық сайыста Ислам Сатпаев пен Александра Ле қола жүлде иеленді.

Үшінші орын үшін өткен бәсекеде біздің мергендеріміз Иран командасын 17:11 есебімен ұтты.

Естеріңізге сала кетейік, кеше Никита Чирюкин жылдам атылатын тапаншадан Азиаданың қола медалін жеңіп алған болатын.

Айта кетейік, кеше Қазақстан құрамасы 3 медаль жеңіп алған еді.

Өзгелердің жаңалығы