Азия ойындары: Екінші жарыс күнінің нәтижелері

25 Қыркүйек 2023, 23:39
1044
Бөлісу:
Азия ойындары: Екінші жарыс күнінің нәтижелері
Фото: gov.kz

Бүгін Азия ойындарында құрама қоржыны үш қола медальмен толықты, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Дзюдо: 
Дзюдодан 81 келі салмақ дәрежесінде Абылайхан Жұбаназар мен 63 келіде сынға түскен Эсмигүл Куюлова Азия ойындарының қола жүлдегерлері атанды. 

Спорттық ату:
Оқ атудан 25 метрге жылдам атылатын тапаншамен сайыс финалында Никита Чирюкин қола медаль жеңіп алды.

Бокс:
Сәкен Бибосынов пен Наталья Богданова Азия ойындарын сенімді жеңіспен бастады. 

Су добы: 
Су добынан Қазақстан әйелдер құрамасы бірінші ойында Сингапур командасын 12:6 есебімен ұтты. 

Шахмат: 
Шахматтан 3-ші және 4-ші раунд ойындары өтті. 
Жекелей сында Бибісара Асаубаева
мен Жансая Әбдімәлік 2 жеңіске жетті.
Ал ерлер бәсекесінде Ринат Жұмабаев бір матчта жеңіске жетті, ал Қазбек Нөгербек бір рет тең ойнады.

Теннис: 
Үлкен теннистен Гозаль Айнитдинова/Жібек Құламбаева жұбы алғашқы раундта қатарлық Сафия Эл-Зани/Шайха Халифаны 6:0, 6:0 есебімен ұтты. 
Дәл осындай есеппен Денис Евсеев те жекелей сында екінші айналымда Шығыс Тимор спортшысын жеңді. 
Аралас сында Жібек Құламбаева мен Григорий Ломакин Оңтүстік Кореядан келген қарсыластарын 7:6, 7:5 есебімен жеңіп, жарыстың үшінші кезеңіне өтті.

Жағажай волейболы: 
Ерлер арасындағы жағажай волейболынан Қазақстан командасы жартылай финалға өтті. 

Гандбол: 
Қазақстандық гандболшылар 31:27 есебімен Өзбекстан командасын жеңді. 

У-шу: 
Аширов Абдусамат пәкістандық М.Рехманды айқын басымдылықпен жеңіп, келесі кезеңге шықты.

Өзгелердің жаңалығы