Ажар Ғинияттың қызметінен кетуіне не себеп болды

7 Ақпан 2024, 13:48
2535
Бөлісу:
Ажар Ғинияттың қызметінен кетуіне не себеп болды
Фото: BAQ.KZ -архив

Премьер-министрдің орынбасары Тамара Дүйсенова экс-денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният дәрігер ретінде жақсы жұмыс істегенін айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Дүйсенованың сөзінше, МӘМС жүйесінің тиімділігін арттыру бойынша бірқатар жұмыс атқарылып жатыр.

Осы ретте журналистер бұрынғы Денсаулық сақтау министрінің қызметінен кетуіне "МӘМС-тегі былықтар себеп болды ма?" деп сұрады.

Ажар Ғиният дәрігер ретінде жақсы жұмыс істеді. Әрине МӘМС жүйесінде біраз мәселелер бар. Оның тиімділігін арттыру мәселесі жөнінде жаңа өзгерістер болып жатыр, - деп айтты Премьер-министрдің орынбасары Үкіметте өткен брифингте.

Өзгелердің жаңалығы