Ажар Ғиният елімізде инфекциялық емес аурулар неге азайғанын түсіндірді

6 Қазан 2023, 12:37
770
Бөлісу:
Ажар Ғиният елімізде инфекциялық емес аурулар неге азайғанын түсіндірді
Фото: BAQ.KZ - архив

Бұл туралы Парламенттік комиссияның отырысында Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният мәлім етті, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Ведомство басшысы былтыр жылы жүрек-қан тамырлары ауруларынан, қатерлі ісіктен, қант диабетінен, созылмалы респираторлық аурулардан болатын өлім 2021 жылмен салыстырғанда 6%-ға төмендегенін айтады. Сөзінше, оған себеп мына шаралар:

2022-2023 жылдарға арналған қан айналымы жүйесі аурулары кезінде медициналық көмек көрсетуді жетілдіру жөніндегі жол картасы бекітілді және іске асырылып жатыр. 79 инсульт орталығы жұмыс істейді. Биыл 8 айында осы орталықтармен 30 мыңнан астам адам емделді, бұл 2022 жылдың мәнінен 7 %-ға артық. Жіті коронарлық синдром мен миокардтың инфаркты кезінде медициналық көмекті 44 коронарлық араласу орталығы көрсетеді. Биыл коронарлық орталықтарда 26 мыңнан астам пациент емделді, бұл 2022 жылғы ұқсас кезеңнің мәнінен 53 %-ға жоғары, - деді Ажар Ғиният.

Сондай-ақ министр 2025 жылға дейін 6 инсульт орталығын және 4 коронарлық араласу орталығын ашуды жоспарлап отырғанын атап өтті.

Онкологиялық ауруларға қарсы күрес жөніндегі 2023-2025 жылдарға арналған кешенді жоспары мақұлданды, оны іске асыру бізге онкологиялық қызметті кешенді жаңғыртуды жүзеге асыруға мүмкіндік береді, - деді Денсаулық министрі.

Өзгелердің жаңалығы