Әзербайжанда әйелдерге қандай қолдау көрсетіледі?

24 Тамыз 2021, 13:17
1690
Бөлісу:
Әзербайжанда әйелдерге қандай қолдау көрсетіледі?

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Әзербайжан Республикасы Мәжілісі VI шақырылымының Отбасы, әйелдер және балалар мәселелері жөніндегі комитетінің төрағасы Хиджран Гусейнова ҚР Президенті жанындағы ОКҚ-да ауыл әйелдерін қолдау жөніндегі кешенді әлеуметтік бағдарлама туралы өткен брифингте айтты.

Бүгінде Әзербайжанда гендерлік мәселе - ел стратегиясының басым бағытының бірі. Барлық мемлекеттік бағдарламаға гендерлік бағыт бар. Мемлекеттің қолдауымен әйелдердің бизнес бастауына қолдау көрсетілді. Ол шағын және орта бизнесті дамытуға мүмкіндік беріп, жұмыс орындарын құруға мүмкіндік берді, - деді Хиджран Гусейнова.

Оның айтуынша, Әзербайжан көп жыл бойы гендерлік мәселе бойынша БҰҰ-ның тематикалық тобының төрағасы болып отыр.

Әйелдердің ауыл шаруашылығы, әлеуметтік-экономикалық салаларға қатысуына көп көңіл бөлеміз. Үкімет ауыл шаруашылығы саласында шаруа қожалықтарын ашу үшін қолдау көрсетеді. Бүгінде G-Global қорының белсенділігі біздің елдегі бағдарламаларға ұқсастығы бар. Біз болашақта субөңірлік ынтымақтастықтың негізін бүгін қалаймыз деп ойлаймын, - деді ол.


Өзгелердің жаңалығы