Әзербайжан Президенті Қазақстанға алғысын білдірді

31 Наурыз 2021, 17:55
2618
Бөлісу:
Әзербайжан Президенті Қазақстанға алғысын білдірді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Түркістанда өтіп жатқан Түркі тілдес мемлекеттердің ынтымақтастық кеңесінің бейресми саммитінде сөз алған Әзербайжан Президенті Ильхам Әлиев Қазақстанға кездесуді ұйымдастырғаны үшін алғысын айтты.

Ең алдымен, саммитті ұйымдастырушыларға алғысымды білдіргім келеді. Сонымен қатар Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевқа алғысымды білдіремін. Нұрсұлтан Назарбаев өте көп жұмыс істеді. Түркі кеңесінің құрметті төрағасы ретінде осы саммитті ұйымдастыруға үлкен үлес қосты, - деп айтты бауырлас елдің Президенті.

Оның айтуынша, 2019 жылы қазанда Әзербайжанда Түркі кеңесінің саммиті өткен. 

Ол өз кезегінде екінші саммит болды. Сондай-ақ өткен жылы сәуірде Әзербайжан бастамасымен тағы бір саммит ұйымдастырылды. Бұл шара COVID-19 індеті мәселесіне байланысты болды. Ондай шаралар біздің бірлескен жұмысымызды көрсетеді, - деп түсіндірді Ильхам Әлиев саммитте.

Оның сөзінше, мұндай іс-шаралардың маңызы зор.

Еске сала кетейік, бейресми саммитті Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ашып, жүргізіп жатыр. Жиынға Қазақстанның Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев, Түркия Президенті Режеп Тайип Ердоған, Әзербайжан Президенті Ильхам Әлиев, Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзиёев, Қырғызстан Президенті Садыр Жапаров, Түрікменстан Президенті Гурбангулы Бердімұхамедов, Мажарстан Премьер-министрі Виктор Орбан, Түркі тілдес мемлекеттердің ынтымақтастық кеңесінің бас хатшысы Бағдад Әміреев қатысуда.

Өзгелердің жаңалығы