Әзербайжан аумағында қазақстандық телеарналарды тарату мәселесі талқыланды

18 Маусым 2022, 12:20
1279
Бөлісу:
Әзербайжан аумағында қазақстандық телеарналарды тарату мәселесі талқыланды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Баку қаласында өтіп жатқан IX жаһандық Баку форумы аясында  АҚДМ Ақпарат комитетінің Төрағасы Қанат Ысқақов Әзербайжан Республикасының Медиа даму агенттігінің бас директоры А. Исмаиловпен кездесті. 

Кездесу барысында тараптар ақпарат саласындағы, атап айтқанда Әзербайжан аумағында қазақстандық телеарналарды тарату, балалар анимациялық контентін дистрибуциялау және алмасу, сондай-ақ бірлескен медиа жобаларды іске асыру саласындағы ынтымақтастықты одан әрі дамыту мәселелерін сөз етті.

Тараптар бірлескен жұмыс тобын құруға келісті. Комитет төрағасы Әзербайжан тарапын Орта Азияның медиа саласындағы ең ірі іс-шара - Astana Media Week-ке қатысуға шақырды. 

Айта кету керек, IX Жаһандық Баку Форумында ковид пандемиясынан кейінгі  геосаяси ландшафтты қалыптастыру, Сovid-19-дың орта білім мен болашаққа әсері, климаттық мәселелер, ғылым, технология және инновация, сондай-ақ экономиканың жаһандық қайта құрылуы және т. б. мәселелер талқыланады.

Өзгелердің жаңалығы