Әзербайжан 2030 жылға қарай баламалы энергия нысандарын салады

14 Қараша 2024, 01:36
266
Бөлісу:
Әзербайжан 2030 жылға қарай баламалы энергия нысандарын салады

Әзербайжан 2030 жылға қарай жалпы қуаты 6 гигаватқа жуықтайтын күн, жел және су электр стансыларын салады. Бұл туралы ел президенті Ильхам Әлиев Бакудегі Дүниежүзілік климат саммитінде мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Айта кету керек, бауырлас мемлекет бүгінде баламалы энергия көздеріне көшуге ерекше басымдық беріп отыр. Әзербайжан осы жолы британиялық компаниямен келісімшартқа отырды. Олар бірігіп қуаты 240 мегаватт болатын күн электр стансысын салмақ.

Бұл жоба әлемдегі ең ірі мұнай-газ кешені Сәнгәчал терминалындағы көмірқышқыл газының қалдығын азайтуға септеседі, – дейді сарапшылар.

Өзгелердің жаңалығы