Қазақстанның басым бөлігінде күн ашық, жауын-шашынсыз болады

7 Тамыз 2019, 07:51
1581
Бөлісу:
Қазақстанның басым бөлігінде күн ашық, жауын-шашынсыз болады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Жоғары атмостфералык кысым аумағының ықпалынан және оңтүстік құрғақ циклонның әсерінен 7 тамыз күні Қазақстанның басым бөлігінде жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі. Республиканың тек солтүстігінде, солтүстік-батысыңда және орталығында Мурманск ауданынан келген солтүстік-батыс циклонның әсерінен кей жерлерде жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Жекелеген өңірлерде желдің күшейюі, дауыл, шаңды дауыл және бұршақ күтіледі.

«Қазгидромет» РМК-дан хабарлағандай, Солтүстік Қазақстан, Ақмола, Павлодар облыстарының кей жерінде жел 15-20 м/с күшейіп, дауыл тұрады. Солтүстік Қазақстан, Ақмола облыстарында бұршақ жаууы мүмкін.

Қызылорда, Жамбыл облыстарының кей жерінде жел 15-20 м/с артып, шаңды дауыл күтіледі. Қостанай облысында, күндіз Қарағанды, Ақтөбе, Батыс Қазақстан, Маңғыстау, Түркістан облыстарының кей жерінде желдің күші 15-20 м/с жетеді.

Жамбыл облысында, Түркістан, Қызылорда, Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерінде қатты ыстық күтіледі.

Ал, Алматы облысында өте қатты ыстық болатыны болжанады.

Сондай-ақ Қызылорда, Түркістан, Жамбыл, Алматы, Қарағанды облыстарында, Ақтөбе, Шығыс Қазақстан, Ақмола облыстарының кей жерлерінде өте жоғары өрт қаупі сақталады.



Өзгелердің жаңалығы