Қазақстанның барлық өңірінде стартаптарды дамыту бағдарламасы іске қосылды

9 Қазан 2020, 13:46
1419
Бөлісу:
Қазақстанның барлық өңірінде стартаптарды дамыту бағдарламасы іске қосылды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Astana Hub Regional Incubation бағдарламасының іске қосылғандығы туралы хабарлайды. 

Жобаның басты міндеті – жергілікті стартаптарға жобаларын дамытуға көмектесу және еліміздің әрбір өңіріндегі IT саласындағы мамандар қоғамдастығының, технологиялық кәсіпкерлердің, сондай-ақ технопарктердің қызметін нығайту.

Astana Hub Regional Incubation бағдарламасын іске асыру мақсатында Astana Hub стартап-жобаларының инкубациясын жүзеге асыра алатын аймақтық серіктестерді іздейді. Серіктестер ретінде жұмыс істейтін инкубаторлар, акселераторлар немесе технопарктер қарастырылады.

Astana Hub болашақ серіктестеріне мынадай тиісті қолдауды көрсетеді:

- инкубаторды дамытудағы қаржылық көмек;

- стартаптар тобын жинаудағы көмек;

- Astana Hub командасының кеңестері мен зияткерлік қолдауы;

- Astana Hub ресми серіктесі мәртебесі;

- PR-қолдау.

Regional Incubation бағдарламамының болашақ серіктестеріне қойылатын талаптар:

- жергілікті атқарушы органдармен әріптестік қарым-қатынаста болу;

- инкубатордан өткен және идея сатысындағы стартаптарды жүзеге асыру;

- салық берешегінің жоқтығы және бухгалтерлік баланстың болуын растау;

- жұмысшылар штатының болуы.

Жобаға іріктелген аймақтық серіктестер кәсіби трекерлер мен менторларды тартып, оларға 6 апта ішінде инкубация бағдарламасын өткізуі тиіс.

2020 жылдың соңына дейін технопарк Қазақстанның барлық облыс орталықтарын қамтуды жоспарлап отыр. 

Regional Incubation бағдарламасына өтінім қабылдау 2020 жылдың 16 қазанына дейін жалғасады, ал байқау нәтижелері 2020 жылдың 19 қазанында жарияланады. Бағдарлама ресми түрде 2020 жылдың 26 қазанында іске қосылады.

Өтінім беру үшін қатысушы сауалнаманы толтырып, қажетті құжаттарды қоса беруі қажет.

Өзгелердің жаңалығы