Қазақстандық оқулықтарда кемшілік көп - Аймағамбетов

21 Тамыз 2020, 17:21
2008
Бөлісу:
Қазақстандық оқулықтарда кемшілік көп - Аймағамбетов

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Білім және ғылым министрлігі оқыулықтарды даярлаудың жаңа жүйесін енгізбек. Бұл туралы білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов педагогтер мен білім және ғылым саласы қызметкерлерінің республикалық тамыз кеңесінің онлайн пленарлық отырысында айтты.

Министрдің айтуынша, қазақстандық оқулықтарда кемшілік көп. 

Оны мойындауымыз керек. Бұл типографиялар мен авторлардың немесе өзге топтардың кінәсі емес. Оқулықтарды даярлаудың жүйесін толықтай жаңғырту қажет. Оқулық даярлау процесі стандарттан, типтік жоспар мен сынама, апробация, авторларды даярлау сынды процестерден басталады. Осы механизмнің барлығын жаңа форматта іске асыру міндеті тұр. Осы бағытта шаралар атқарылып жатыр. Авторлар мен сарапшыларды оқытып, оқулықтардың сапасы, сынамадан өтуіне қатысты заңнамалық талаптарды даярлаудамыз, - деді білім және ғылым министрі. 

Осыған дейін Асхат Аймағамбетов мектепке дейінгі білім беру жүйесінің қалай өзгеретінін айтқан болатын.

Өзгелердің жаңалығы