Қазақстандық боксшы әлем чемпионатын жеңіспен бастады

16 Қыркүйек 2019, 08:46
1847
Бөлісу:
Қазақстандық боксшы әлем чемпионатын жеңіспен бастады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстандық боксшы Василий Левит бокстан әлем чемпионатының 1/8 айналымына өтті деп хабарлады Olympic.kz. 

Әлем чемпионатындағы алғашқы жекпе-жегін словакиялық Давид Михалекпен өткізген Левит қарсыласын айқын басымдықпен ұтты. 

91 келіде жұдырықтасқан Василий Левитке төрешілер жеңісті бірауыздан берді. 

Рио Олимпиадасының күміс жүлдегері командаластары Қайрат Ерәлиев, Зәкір Сафиуллин, Сәкен Бибосынов және Бекзат Нұрдәулетовпен бірге 1/8 айналымда бақ сынайды. 

Өзгелердің жаңалығы