Қазақстанда UFC турнирі өтпейтін болды

5 Мамыр 2020, 20:05
1293
Бөлісу:
Қазақстанда UFC турнирі өтпейтін болды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. UFC тұжырымының баспасөз қызметі Австралиядағы турнирдің өткізілмейтіні туралы ресми түрде хабарлады, деп хабарлайды Sport24 сайты.

UFC 251 Австралияның Перт қаласында 7 маусымда өтуі керек еді, бірақ коронавирустық пандемияға байланысты турнирді кейінге шегерді. 

Сондай-ақ Mmafighting.com сайтының хабарлауынша, Нұр-Сұлтандағы UFC Fight Night 176 турнирі де өтпейтін болды. 13 маусым күні өтетін бұл турнирдің уақыты өзгеріп, АҚШ-та өтуі мүмкін. Бұл ақпаратты жарыстың басты жекпе-жегінде өнер көрсететін ресейлік Петр Ян  да растады. Ол бір сұхбатында АҚШ-қа ұшуға дайындалып жатқанын айтты.

Еске сала кетейік, UFC Fight Night 176 турнирінің басты жекпе-жегінде Питер Ян мен Марлон Мораес кездесуі керек еді.

Өзгелердің жаңалығы