Әшімбаев: Қазақ - ежелден заңның үстемдігін мойындаған халық

30 Тамыз 2020, 10:45
1494
Бөлісу:
 Әшімбаев: Қазақ - ежелден заңның үстемдігін мойындаған халық

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Сенат төрағасы Мәулен Әшімбаев қазақстандықтарды Конституция күнімен құттықтады. 

Баршаңызды Ата заңымыздың 25 жылдығымен құттықтаймын!⁣⁣ Осыдан ширек ғасыр бұрын қабылданған Конституциямыз өзінің өміршеңдігін дәлелдеп, тәуелсіздігіміздің басты кепіліне айналды. Нарыққа бейімделіп, құқықтық, демократиялық, әлеуметтік мемлекет ретінде дамуға және ұлттық мүддеге сай саясатымызды жүргізуге қажетті негіз қалыптастырды, - деді ол.

Ол Ата Заң Елбасының стратегиялық саясатының сабақтастығын сақтап, Мемлекет басшысының барлық бастамаларын іске асыруға толық мүмкіндік беретінін атап өтті.

Әлі де болса Конституциямыздың әлеуеті зор. Онда тұрақты өркендеуге ықпал ететін барлық тетіктер қарастырылған. Сол себепті Ата заңымыз Елбасымыздың стратегиялық саясатының сабақтастығын сақтап, Мемлекет басшысының барлық бастамаларын іске асыруға толық мүмкіндік береді.⁣ Жалпы, қазақ ежелден заңның үстемдігін мойындаған халық. Оған «Қасым ханның қасқа жолы», «Есім ханның ескі жолы» және «Әз-Тәукенің жеті жарғысы» айқын дәлел. Бейбітшілік пен тұрақтылықтың берік іргетасы саналатын бүгінгі Ата заңымыз осы тарихи құжаттардың лайықты жалғасы. Сондықтан оны ардақтау әр азаматымыздың абыройлы міндеті болуға тиіс.⁣⁣ Баршаңызды Конституциямыздың мерейлі жылымен құттықтай отырып, әр шаңыраққа шаттық, елімізге амандық, жерімізге тыныштық тілеймін! Тәуелсіз Қазақ елі жасай берсін!⁣, - деп жазды Сенат төрағасы Facebook-тегі парақшасында.


⁣⁣⠀
Өзгелердің жаңалығы