Айсұлтан Сейітов Шанхай кинофестивалінде "Үздік режиссер" атанды

16 Маусым 2023, 12:10
795
Бөлісу:
Айсұлтан Сейітов Шанхай кинофестивалінде "Үздік режиссер" атанды
Фото: Qara production

Қазақстандық режиссер Айсұлтан Сейітов "ҚАШ" дебюттік фильмі үшін беделді Шанхай халықаралық кинофестивалінде "Үздік режиссер" номинациясын жеңіп алды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Айсұлтан Сейітов қазір өтіп жатқан 25-ші мерейтойлық Шанхай халықаралық кинофестивалінде дебюттік "ҚАШ" фильмімен "Үздік режиссер" номинациясында жеңіске жетті.

"ҚАШ" фильмі шорт-листке еніп, "Asian New Talent" санаты бойынша үш номинацияға іліккен еді:

Best Film — Aisultan Seitov

Best Director — Aisultan Seitov

Best Script Writer —Ablay Nurmanbetov

Кинофестиваль бағдарламасында фильмді Айсұлтан, "Qara Studios" бас продюсері Еркебұлан Күрішбаев пен сценарий авторы Абылай Нұрманбетов ұсынды. "ҚАШ" фильмінің түсірілімі 2020 жылыбасталса, 2022 жылы туынды Қазақстанға кеңінен тарады. Көрермендердің ыстық ықыласына бөленіп, қазақстандық сыншылар тарапынан да бірқатар марапаттарға ие болды. Фильм жақында әлемдік прокатқа жіберіледі. "ҚАШ" 1931-1933 жылдардағы қазақ даласындағы жаппай ашаршылық қасіретін екі ағайындының басынан өткен оқиға арқылы баяндайды.

Шанхай кинофестивалі — кең халықаралық бағдарламасымен әйігілі Қытайдың ең ірі кинофестивалі, 2023 жылдың 9-18 маусымы аралығында өтуде және әлемдегі ең беделді кинофестивалдердің бірі.

Өзгелердің жаңалығы