Аймағамбетов мектептерде қауіпсіз орта қалыптастырудың негізгі міндеттерін атады

29 Маусым 2021, 09:50
7377
Бөлісу:
Аймағамбетов мектептерде қауіпсіз орта қалыптастырудың негізгі міндеттерін атады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Үкімет отырысында ҚР Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов мектептерде қауіпсіз орта қалыптастырудың негізгі міндеттерін түсіндіріп берді.

Бұған дейін министр халықаралық стандарттарға сүйене отырып, арнайы нормативтік-құқықтық актілер қабылданғанын атап, қойылатын талаптар бекітілгенін айтты.

Ол енді осы талаптарды орнатып, қауіпсіз орта қалыптастыру үшін бірнеше міндетті орындау қажеттігін айтты.

Біріншіден, барлық бейнебақылау камерасын бекітілген талаптарға және стандарттарға сәйкестендіруіміз қажет. Қалаларда орналасқан мектептердің бейнекамераларын жедел басқару орталықтарына қосу керек. Екіншіден, барлық білім беру орнын дабыл түймелерімен қамтамасыз ету, - деді министр.

Үшіншіден, қала мектептерін арнайы күзетпен қамтамасыз ету. Сонымен қатар педагогтер мен оқушыларға төтенше жағдайлар мен террористік қауіп төнген шаралар мен алгоритмдерді енгізу, сондай-ақ психологиялық қызметтердің рөлі мен жалпы тәрбие жұмысын күшейтуіміз қажеттігін айтты.

Осы міндеттердің өңірлерде жүзеге асырылу қарқыны бойынша талдау жасалды, - деп айтты Асхат Аймағамбетов.
Бұған дейін Асхат Аймағамбетов мектептердегі қауіпсіздік мәселесі қалай шешілетінін айтты.

Өзгелердің жаңалығы