"Айка" фильмі Қытай фестивалінде қос жүлдеге ие болды

26 Қараша 2019, 04:54
2080
Бөлісу:
"Айка" фильмі Қытай фестивалінде қос жүлдеге ие болды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қытайдың Сяминь қаласында (Фуцзянь провинциясы) 28-рет өткен "Golden rooster and hundred flowers" фестивалінде "Айка" фильмі қос жүлде алды. Бұл туралы продюсер Зарина Қисықова Facebook әлеуметтік желісіндегі парақшасында жазды.

Сондай-ақ, кинофестиваль шеңберінде Жаңабек Жетіруовтың "Шыңырау" фильмінің көрсетілімі өтті.

Кеше "Golden Rooster and Hundred Flowers" кинфестивалінде Жаңабек Жетіруовтың "Шыңырау" фильмі көрсетіліп, көрермендермен кездесуі өтті. Фильм қалың көрермен мен дистрибьюторлардың қызығушылығын тудырды. Кинотуынды Қытай билігінің рұқсатын алып, сол елдегі прокатқа шығады деп үміттенеміз. Алда көптеген айдың жұмысы күтіп тұр. Сонымен қатар, "Айка" фильмі кинофестивальде Best leading actress by Audience Award және Best foreign director by Audience Award жүлдесін иеленді, Сергей Дворцевойды құттықтаймын, - деп атап өткен Зарина Қисықова.

"Golden Rooster and Hundred Flowers" фестивалі - Қытайдағы ірі киножүлде. Байқаудың "Алтын әтеш" жүлдесін кәсіби қазылар алқасы тапсырады, ал "Жүз гүл" жүлдесінің иегері көрермендердің дауыс беруімен анықталады.

Биыл халықаралық байқауға 277 фильм ұсынылған. Оның ішінде 103 драмалық фильм, 25 балалар фильмі, 13 анимациялық, 28 деректі фильм, үздік картина және үздік режиссер сияқты 19 номинация бойынша "Алтын әтеш" жүлдесін алу үшін жарысқа түскен.



Өзгелердің жаңалығы