"Әйелі тірі деп үміттенемін". Сотта Bau қызметкерлерінің хаты оқылды

9 Сәуір 2024, 11:13
1221
Бөлісу:
"Әйелі тірі деп үміттенемін". Сотта Bau қызметкерлерінің хаты оқылды
Фото: Жоғарғы соттың баспасөз қызметі

Бишімбаев сотында Bau мейрамханасының қызметкерлерінен жауап алынды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Bau мейрамханасында жөндеу жұмыстарын жүргізіп жатқан жұмысшыдан жауап алынды. Ол Салтанат қаза болған түні мейрамхана әкімшісімен хат алмасқан. Куәгер таңғы 6.35-те жұмысын аяқтағанын айтып, былай деп жазған:

Мейірбеков (06:57): VIP залдың астаң-кестеңін шығарған сияқты. Әйелі тірі деп үміттенемін.

Қарлығаш (07:49): Кешіріңіз.

Мейірбеков: "Маски-шоу" ұйымдастырды.

Қарлығаш: Қалай сонда?

Мейірбеков: Біз кетіп бара жатқан кезде ол әйелін не ұрып жатты, не заттарды қиратып жатты, кетіп қалдық.

Қарлығаш: Дұрыс істепсіңдер, ол ішкен бе? 

Мейірбеков: Әйелімен сылқия ішіп алған.

Қарлығаш: Әбден шаршатты ғой .

Мейірбеков: Әйнек терезені сындыра жаздады.

Қарлығаш: Күзет болмады ма?

Мейірбеков: Жоқ, асхананы қиратты.

Еске сала кетсек, бұған дейін сотта жедел-жәрдем қызметкері куәлік берді. Ол шақыртуға келген кезде ес-түссіз жатқанын айтты.

Одан бөлек куәгер ретінде сотқа Салтанаттың әпкесі қатысты. Ол қайғылы оқиға болған түн жайлы айтып берді.

Сондай-ақ Бишімбаев сотында Нүкенова қаза болған түні жөндеу жұмыстарын жүргізген қызметкерден жауап алынды.

Өзгелердің жаңалығы