"Ес-түссіз жатты". Сотта жедел-жәрдем қызметкері куәлік беріп жатыр

8 Сәуір 2024, 17:08
936
Бөлісу:
"Ес-түссіз жатты". Сотта жедел-жәрдем қызметкері куәлік беріп жатыр
Фото: скриншот

Бишімбаевтың сотында тағы бір куәгер жедел жәрдем қызметкері Нұрлан Мұхамбеденов Прокурордың сұрақтарына жауап берді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Менімен бірге жүргізуші әрі көмекшім Тұрлыбек болды. Біз мейрамхана ішіне бүкіл құрылғыларымызбен үшеуіміз кірдік. Бізді даладан Байжанов күтіп алып, 2-қабаттағы vip-бөлмеге апарды. Кейін Байжановпен сөйлеспедік, бірден екінші қабатқа көтерілдік. Диванда көрпеше жамылып жалаңаш әйел жатыр екен. Бірден тексеріске көше бастадық, жерге жатқызып, реанимациялық шаралар жасай бастадық. Сол кезде екі ер адам сөйлесіп жатты, мен оларға кедергі келтірмей бөлмеден шығуларын сұрадым. Олар Бишімбаев пен Байжанов болатын, - деді жедел жәрдем қызметкері.

Мұхамбеденов жедел жәрдем келгенге дейін Нүкенованың қайтыс болғанын айтады. 

Көмекшімнен аппаратураны мониторға қосуын сұрадым, науқас ес-түссіз жатты. Тамыр соғысы байқалмады, тыныс алу және жүрек соғысы тоқтаған және денесі суып кеткен, - дейді дәрігер.

Бұған дейін хабарлағанымыздай, куәгер ретінде келген Нүкенованың сіңлісі Қуандық Бишімбаев пен Салтанат Нүкенованың қалай танысқанын айтты. Бұдан бөлек ол қайғылы оқиға болған түн жайлы айтып берді. 

Өзгелердің жаңалығы