"Сене алмадым". Нүкенованың сіңлісі қайғылы оқиға болған түн жайлы айтты

8 Сәуір 2024, 16:47
3336
Бөлісу:
"Сене алмадым". Нүкенованың сіңлісі қайғылы оқиға болған түн жайлы айтты
Фото: instagram.com/aitym

Сот процесінде марқұм Салтанат Нүкенованың сіңлісі Айнұр Нүкенова әпкесінің қазасын қалай қабылдағанын айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі. 

Сот барысында Прокурор одан Салтанаттың өлімін қалай білгенін сұрады.

Ол кезде душта болдым. Нақтылау үшін айта салайын, басымда сабынсу бар болатын. Ұлым душқа атып кіріп, телефоныма тоқтаусыз қоңырау түсіп жатқанын айтты. Бақытжан (Байжанов) "неге тұтқаны көтермей жатырсың? Салтанат қайтыс болды" деді. Мен, әрине, сенбедім. Тағы біреу хабарласып "Айнұр, иманды болсын" дейді. Айтым (Нүкенованың ағасы) хабарласып "BAU-ға келші" деді. Су басыммен көлікке отырдым, күйеуім "Қуандық Салтаны өлтірді" деді. Мен сенбедім, - дейді Нүкенова.

Еске сала кетсек, бұған дейін "Бишімбаевтың сотына қатысушылар туралы не білеміз" атты шолу жасаған едік.

Өзгелердің жаңалығы