Трамп UFC басшысына Ақ үйдің баспасөз хатшысы қызметін ұсынды

Бұл туралы Трамп Truth Social әлеуметтік желісіндегі парақшасында жазды.

 Getty Images 9 Қараша 2026, 01:42
9 Қараша 2026, 01:42
184
Фото: Getty Images
АҚШ президенті Дональд Трамп UFC басшысы Дана Уайтқа Ақ үйдің бос тұрған баспасөз хатшысы қызметін ұсынғанын мәлімдеді. Сондай-ақ аралас жекпе-жектен әлемдегі ең ірі ұйымның басшысына көмекші ретінде алты спортшыны ертіп келуді ұсынды. Олардың қатарында ресейлік Хабиб Нурмагомедов пен Ислам Махачев, америкалық Джастин Гэтжи мен Дэниел Кормье, бразилиялық Аманда Нуньес және америкалық Кейла Харрисон бар.
 
Бұл адамдар бізге саяси қарсыластарымыздан қорғану үшін қажет, – деп жазды Трамп.

Ал Дана Уайт Instagram парақшасында Ақ үйдегі брифингтер өтетін мінбердің артында түскен суретін жариялап, оған "Келесі кезеңге" деген жазу қалдырды. Кейін Лондонда журналистерге Вашингтонға ұшып бара жатқанын және дүйсенбі күні Трамппен кездесетінін айтты.

Қазіргі уақытта Ақ үйдің баспасөз хатшысы қызметі бос тұр. Бұған дейін бұл қызметті атқарған Кэти Закария 16 қазанда тағайындалғаннан кейін бір аптаға да жетпей қызметінен кеткен.

Наверх